Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды
354
оқылды

Алматыдағы арнайы операция кезінде полицейлер екі ер адамнан қару-жарақ тәркіледі, - деп хабарлайды қалалық комендатура ақпараттық орталығы.

Екі қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны мен Алматы облысынан келген 24 жастағы ер адам ұсталды. Пәтерді тінту кезінде аңшы мылтығы, патрон, оқтан қорғайтын кеудеше, дүрбі, ұялы телефон мен киімдер табылып, тәркіленді. Күдіктілер дүкен тонағандарын мойындады.  width=
"Олар ұрлаған заттарды алып, қаладан кетуді жоспарлағанын айтты. Ұсталғандардың кім екені және жаппай тәртіпсіздіктерге, заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деп хабарлады комендатурадағылар.