Тұрғындарға қанша теңге зейнетақы төленді?
Тұрғындарға қанша теңге зейнетақы төленді?
Фото: yandex.kz
239
оқылды

Былтыр  тұрғындарға 2,6 трлн теңге зейнетақы төленді. Республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 819,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 трлн 850,4 млрд теңге бөлінді.

Былтыр желтоқсанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,5 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 154 млрд теңге бағытталды. Биыл 1 қаңтардағы есеп бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны –  2 млн 249 мың адам.

Бұған дейін зейнетақы жинағының бір бөлігін алдын ала баспана, ем алуға жұмсағандар туралы жазған болатынбыз.