Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен тағы 2 науқас көз жұмғанын хабарлады.
Оның айтуынша, қазір реанимациялық бөлімшелерде ауыр жағдайда 14 науқас жатыр.
«Оның ішінде төртеуі Алматыда, біреуі Алматы облысында, бесеуі Қызылорда облысында. Медициналық ұйымдарда көз жұмғандарға келсек, бүгінгі таңда 177 науқас қайтыс болды. Соңғы 3 күнде жансақтау бөлімінде жатқан тағы 2 науқас көз жұмды», - деді Ажар Ғиният.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният журналистердің "Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?" деген сауалына қалай жауап бергенін жазған болатынбыз.