Бүгінгі көрініс: елде төтенше жағдай алынды
Бүгінгі көрініс: елде төтенше жағдай алынды
286
оқылды

Төтенше жағдай режимі елде аяқталғанымен елордадағы стратегиялық ғимараттарда күзет пен сақтық әлі сақталып тұр. Бұл жайында Aibat_news телеграм каналы хабарлады.

[caption id="attachment_179924" align="alignnone" width="960"]ел ©aibat.kz[/caption] Еске салсақ, 5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі жағдайға байланысты Төтенше жағдай жарияланып, түнгі сағат 11-ден таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын. ел ©aibat.kz Алғашында Алматы мен Маңғыстау облысында, ізінше барлық аймақ қосылды. Азаматтардың тікелей қауіпсіздігіне байланысты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында бірқатар тәртіптік шара бекітілді. [caption id="attachment_179926" align="alignnone" width="960"]ел ©aibat.kz[/caption] Жағдай тұрақтала бастаған соң 12 қаңтарда төтенше режим Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тоқтатылды. Ал 14 қаңтарда Шымкент пен Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды облыстарында төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары қалыпты өміріне қайтып келетін болды.