Алматы қаласында бүлікшілермен қақтығыс кезінде зардап шеккен дәрігер, полицей, өрт сөндірушілерге 2 миллион теңгеге дейін көмек беріледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, – деп жазады inform.kz.
Әкім зардап шеккендерге қаражат жарақатына қарай беріледі.
«Жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған құқық қорғау органдары мен медицина саласының қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді. Ауыр жарақат алғандарға 2 миллион теңге, орташа жарақат алғандар – миллион, жеңіл жарақат алғандарға 500 мың теңге беріледі», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.