Түркістан облысында төлем терминалын бұзып, тонап кеткен
Түркістан облысында төлем терминалын бұзып, тонап кеткен
297
оқылды
Түркістан облысында полицейлер төлем терминалын бұзған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Келес АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу азық-түлік дүкенінің алдында тұрған төлемақы қабылдау терминалын бұзып, ақша ұрлаған. Жәбірленуші ер адамға келтірілген шығынның жалпы көлемі 40 мың теңгеге жуықтады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Келес АПБ-ға ҚР ҚК-нің 188-бабының (Ұрлық) бойынша тіркеп, іздестіру іс-шараларына кірісті. Қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлар қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақты аралап, куәгерлерден жауап алып, қылмыс орны мен бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бір тәулік ішінде келестік полицейлер күдіктіні ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция қызметкерлері жас жігіттен терминалды бұзуға қолданған балға және басқа да айғақты заттарды тәркіледі. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.