Байзақтағы жарылыс: жаңа мектепті төрт-ақ айда пайдалануға берді
Байзақтағы жарылыс: жаңа мектепті төрт-ақ айда пайдалануға берді
Фото: inform.kz
242
оқылды

Ескі мектептің орнына салынған жаңа ғимаратты 4 айда пайдалануға берді.

Былтыр тамыз айында Байзақ ауданында болған жарылыс салдарынан №5 мектептің ғимараты қирап қалған. Оның орнына 150 орындық жаңа мектеп небәрі 4 айда пайдалануға берілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аз уақытта мектеп құрылысын аяқтаған құрылысшыларға алғыс айтты. Ауыл тұрғыны Бейсен Жүргенбаевтың айтуынша, Жамбыл облысының тарихында төрт-ақ айдың ішінде жаңа мектеп салу бұрын-соңды тарихта болмаған.

Бұған дейін Байзақтағы жарылыстан соң із-түзсіз жоғалған сарбаз туралы жазған болатынбыз.