Алматыда әйел полицейлер өзін ұрып-соқты деп жала жапқан
Алматыда әйел полицейлер өзін ұрып-соқты деп жала жапқан
Сурет: avesta-news.kz
209
оқылды

Алаяқтығын жасыру үшін полицейлер ұрып-соқты деп жала жапқан әйел ұсталды.

Полиция мәліметінше, алаяқтық жасады деген күдікке 27 жастағы Т. есімді әйел ілікті. Ол полиция қызметкерлері ұрып, кейін түсік тастадым деп өтірік айтқан.
 «Анықталғандай, Т. есімді азамат өткен жылдың желтоқсан айында «Крыша» ресурсының сайтында өзінде жоқ пәтерді жалға беру туралы хабарландыру орналастырды. Бұл жалған жарнамаға 26 жастағы С. есімді азамат сеніп қалған. Күдікті өзін «Марина» есімді риэлтормын деп таныстырған Т. есімді азаматтың талабы бойынша банк картасына 80 мың теңге алдын ала төлем аударған. Қаражатты алғаннан кейін Т. есімді азамат телефон нөмірін өшіріп, «клиентпен» байланысқа шығуын тоқтатты», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде карточканың Ч. есімді азаматқа тиесілі екені белгілі болды. Ч. есімді азамат төлем картасын Т. есімді танысының қарашадан бері қолданып жүргенін айтты. ҚР Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында оның жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.