Бүлік кезінде Алматы облысы әкімдігін тонағандар дәретхана қағазына дейін алған
Бүлік кезінде Алматы облысы әкімдігін тонағандар дәретхана қағазына дейін алған
Сурет: depositphotos.com
341
оқылды

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы облысы әкімдігінің ғимаратын тонағандар тіпті дәретхана қағазына дейін алып кеткен. Талдықорғандағы облыс әкімдігінен кеңсе тауарлары мен бума-бума қағаздарды қолды еткендер ұсталды, - деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

Ұрылар -  24 және 28 жастағы сол қаланың тұрғындары. Көздеріне ілінген заттардың барлығын қолды еткен күдіктілер ұрлағандарын үйлеріндегі гаражға апарып жасырған. Оларды тінту кезінде қораптарға жасырылған тамақ жылытатын пеш, кітапқа дейін шыққан. Қазір қолға түскендердің кінәсі айғақ заттармен дәлелденіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үстерінен «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалпы Алматы облысындағы жедел операциялар барысында 133 адам ұсталып, 188 қылмыстық іс қозғалған. 300-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.