Kempinski Hotel Barbaros Bay Bodrum қонақүй кешені
Түркиядағы Эгей теңізінің бойында Қазақстанға тиесілі бес жұлдызды қонақ үй кешені бар. Дәлірек айтсақ қонақүйдің 75% акциясы AYSIR TURIZM VE INSAAT АҚ-ға тиесілі, ал оның 100% акциясын "ҚазМұнайГаз-Сервис" ЖШС басқарады, бұл ЖШС "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына қарайды.
[caption id="attachment_180850" align="aligncenter" width="1200"] Эгей теңізі жағасындағы Kempinski Hotel Barbaros Bay Bodrum қонақүй кешені[/caption]
Қазақстан бұл қонақүйді тұрақты табыс алып келеді деп 40 млн долларға сатып алған. Бірақ қонақүй кешені жылдан-жылға шығынға батып жатыр. "ҚазМұнайГаз" AYSIR TURIZM VE INSAAT АҚ акциясын 2015 жылдан бері сата алмай келеді. Ендігі жекешелендіру мерзімі 2025 жылға шегерілді.
Щучинсктегі гольф-клубы
"ҚазМұнайГаз" компаниясының "туризмді дамытады, көп инвестор тартады" деп сенім артқан активтерінің бірі - Щучинсктегі гольф-клубы. Оны "ҚазМұнайГаз-сервис NS" АҚ 16,4 млрд теңгеге салды. Гольф-клубтың 100% акциясы "ҚазМұнайГаз-сервис NS" АҚ-ға тиесілі, ал оның иесі - "ҚазМұнайГаз" ҰК.
Алайда көп турист қабылдап үлгермеген гольф-клубы да, оның иесі "ҚазМұнайГаз-сервис NS" АҚ та сатылымға шығарылды. Бірақ оның құны құрылысына жұмсалған бағадан 4 есе арзанға, яғни 4,1 млрд теңгеге бағаланды. Бірақ ешкім сатып алмады. Ендігі сатылу мерзімі 2021-2025 жылғы жекешелендіру толқынына қалдырылды.
[caption id="attachment_180846" align="aligncenter" width="1200"] Скриншот: Е-auction.gosreestr.kz[/caption]
Грузиядағы BORJOMI LIKANI қонақүйі
Екінші жекешелендіру толқынында 100% акциясы сатылымға шығарылған "ҚазМұнайГаз-Сервис" ЖШС-ның құрамындағы үшінші компания - "КМГ-СЕРВИС ГРУЗИЯ" ЖШҚ. Ал оның меншігінде "BORJOMI LIKANI INTERNATIONAL" АҚ бар. Ол Грузияда тіркелген, қонақүй, мейрамхана бизнесімен және сауықтыру қызметімен айналысады. Компания бесжұлдызды Borjomi Likani қонақүйін басқарады. "ҚазМұнайГаз-Сервис" ЖШС 2006 жылдан 2018 жылға дейін сол қонақүйдің 50% акциясына ие болған, оны 10 млн долларға сатып алған. 2011 - 2015 жылы грузиялық қормен бірлесіп қонақүйге жөндеу жүргізген. Бейресми дерек бойынша, 2018 жылы Қазақстан қонақүйдегі үлесін грузиялық қорға 25,4 млн долларға сатқан.Демек "ҚазМұнайГаз" құрылысына қыруар қаржы жұмсап, одан табыс таппастан сатып жіберген. Алайда Gosreestr.kz порталында BORJOMI LIKANI INTERNATIONAL АҚ-тың әлі де "ҚазМұнайГаз-Сервис" ЖШС иелігінде екені көрсетілген.
[caption id="attachment_180881" align="aligncenter" width="1200"] BORJOMI LIKANI қонақүйі[/caption]
Күзет фирмасы
KMG-SECURITY ЖШС қызметінің негізгі мақсаты - табыс табу. Privatization.gosreestr.kz мәліметінше, компания 2020 жылы 122,8 млн теңге шығынға батқан.
Күзет компаниясының қызметіне жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, заңды және жеке тұлғалардың мүлкін қорғау, күзет тәсілдері бойынша консультация беру кіреді. Бірақ Жарлық бойынша KMG-SECURITY ЖШС тек "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және онымен үлестес заңды тұлғалар үшін күзет қызметін жүзеге асыруы керек.
Қазір күзет компанияның филиалы барлық өңірде бар. Бірақ бір қызығы - күзет фирмасы Қарағанды облысында жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатынға ұқсайды. Себебі Gr5.gosreestr.kz дерегінше, KMG-SECURITY ЖШС меншігінде Қарағанды облысы Осакаровский ауданы Мирное ауылында жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуге арналған жер телімі және 81,4 га жекеменшік үй бар.
Сонымен қоса күзет компанияның меншігінде Палодар қаласында 240,3 га аумақты алып жатқан тұрғын үй, Ақтөбе облысы Темір ауданында жер телімі тіркелген.
Енді "ҚазМұнайГаз" ҰК 2021-2025 жылғы жекешелендіру толқынында KMG-SECURITY ЖШС-ның 100% акциясын сатпақшы.
[caption id="attachment_180851" align="aligncenter" width="1200"] Скриншот: Google.com/maps[/caption]
Ұлттық компаниялардың люкс яхтасы
Былтыр күзде "Самұрық-Қазына" қорына тиесілі "Казатомөнеркәсіп" және "ҚазМұнайГаз" компаниялары меншігіндегі яхталарын сатпақшы болды. Мұнай және ірі габаритті жүктерді тасымалдаумен және уран өндірумен айналысатын компанияларда мұндай яхтаның болуы көпшілікті ашуландырды.
"ҚазМұнайГаз" ҰК-ға қарасты "Казмортрансфлот" компаниясы моторлы қайықты 878,8 млн теңгеге аукционға қойды. Ең төменгі бағасы - 146,4 млн теңге. Яхтаның негізгі құны - 292,9 млн теңге.
Кейін ШҚО-дағы Үлбі металлургиялық зауыты 12 адамға арналған, люкс бөлмесі бар теплоходты аукционға қойды. Бастапқы бағасы - 1,9 млрд теңге. Зауыт "Казатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясына тиесілі.
Теплоход паспортында қызметтік рейстерді орындауға, қызметтік мәселелер бойынша кездесу мен жиналыс өткізуге, сонымен бірге қызметкерлердің демалысына арналған делінген.
[caption id="attachment_180858" align="aligncenter" width="1200"] "Қазатомөнеркәсіп" ҰК кемесі[/caption]
Айта кетейік, "ҚазМұнайГаз" ҰК-ның 90,42% акциясы "Самұрық-Қазына" қорына, 9,58%-ы ҚР Ұлттық банкіне тиесілі.
Мемлекет басшысы 21 қаңтарда бизнес қауымдастықтардың жетекшілерімен өткен кездесуде "Самұрық-Қазына" қорын сынаған еді. Қордың басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевке қорды реформалауды тапсырды, нәтиже шықпаса, қатаң шешім қабылданатынын ескертті.
«Самұрық-Қазына» қорын толығымен реформалауды тапсырамын. Қазір қордың құрылымы қолайсыз: бұлыңғыр, саяси маңызы бар адамдарды тағайындау. Тиімсіз сатып алу жүйесі, еңбек қақтығыстары, рентабельділік, ауқымды жобалардың толық еместігі, тым көп жөндеу шығындары – бұл мәселелер тізбесі халықтың наразылығын тудырды, сонымен қатар осы уақытқа дейін нақты мұнай химиясын құра алмағанымыз рас», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев