Бұдан былай Ashyq-та «көк» мәртебесі бар азаматтар үшін шектеу жоқ – министр
Бұдан былай Ashyq-та «көк» мәртебесі бар азаматтар үшін шектеу жоқ – министр
Фото: hamedshow.com
284
оқылды

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ashyq қосымшасында «көк» мәртебесі бар азаматтар үшін шектеуді алып тастағанын айтты.

«Эпидемиологиялық ахуал жақсармаса да, «көк» мәртебесі бар азаматтар отель, қонақүй, әуежай, теміржол мен автовокзалдар, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпошта», банк, асхана, жабық базар, білім беру ұйымдары, СПА-орталықтар, сән салондары, облысаралық, облысішілік, қалалық көліктерге шектеусіз кіруге рұқсат етіледі», – деді министр.

Бұған дейін тек қана "жасыл" мәртебесі бар адамдарға ғана қоғамдық орындарда емін-еркін жүруге рұқсат берілген еді.