Алматы жарықсыз қалды
Алматы жарықсыз қалды
Фото: m.yk-news.kz

Алматы қаласында бірнеше ауданда электр жарығы өшіп қалды. Жарық бүгін сағат 12:00 шамасында өшті.

Көшеде бағдаршамдар өшіп қалғандықтан кептеліс реттелмей жатыр.
«Жарық KEGOC желісінің бойында сөнді. Желілердегі кернеу төмендеп кетті. АЖК қосалқы станцияларындағы автоматты басқару жүйесі іске қосылды», – дейді Алматы әкімдігінің өкілі.

Бұған дейін де оңтүстік өңірлерде жарық өшіп, қараңғыда қалған еді.