KEGOC оңтүстікте жарықтың өшіп қалған себебін түсіндірді
KEGOC оңтүстікте жарықтың өшіп қалған себебін түсіндірді
Фото: xakep.ru
245
оқылды

KEGOC компаниясы оңтүстік аймақтарда жарықтың өшу себебін айтты.

«Бүгін сағат 11.59-да Орталық Азия (Өзбекстан, Қырғызстан) энергия жүйесінде туындаған айтарлықтай апаттық теңгерімсіздіктің салдарынан «Солтүстік - Шығыс - Қазақстанның оңтүстігі» 500 кВ электр энергиясы транзитіне арналған қуат төмендеді. Соның салдарынан «Солтүстік - Шығыс - Қазақстанның оңтүстігі» транзиті апатты жағдайда ажырап, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың басым бөлігінде жарық өшті. Шектелу көлемі – шамамен 1 500 мегаВатт. Қазіргі уақытта жүйе операторы KEGOC АҚ апатты жоюды қолға алды» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Алматы жарықсыз қалғанын хабарлаған болатынбыз.