"Дикий Арманның" не үшін ұсталғаны белгілі болды
"Дикий Арманның" не үшін ұсталғаны белгілі болды
Фото: RT
543
оқылды
"Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылған, – деп хабарлады BaigeNews.kz. Бұл туралы оның қорғаушысы Евгений Яворский мәлімдеді. Яворскийдің 24 қаңтардағы өтінімхатын қанағаттандыру туралы үкімде тергеуші сотқа дейінгі тергеу материалдарын қарап шығып мынаны анықтаған: Бас прокуратура 2022 жылдың 1-10 қаңтар аралығында  Қазақстан аумағында болған  жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұған дейін Алматы ПД арнайы операция кезінде "Дикий Арман"  бастаған ҰҚТ-ның 6 мүшесін ұстағанын жазған болатынбыз.