Шұжық өнімдерін күні-түні үзбей жеу денсаулыққа зиян екені белгілі. Дәрігерлер соның салдарынан адам қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін екенін айтып отыр. Медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбургтың бұған қосар дәйегі де бар.
– Қай шұжықты алсаңыз да ішіне қосылған өнімнің бәрі майдаланып, тартылған күйде ұсынылады. Соның салдарынан шұжық тез сіңіп кетеді. Ал денсаулыққа, әсіресе асқазанға бұл зиян. Өйткені асқазанға түскен кез келген тағам баяу сіңуі керек. Егер шұжықты шамадан тыс көп пайдаланса, адамның денсаулығы нашарлайды. Мәселен, семіздікті, артериялық гипертензияны, атеросклерозды, асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігін тудырады. Көбіне тоқ ішек пен тік ішек қатерлі ісігіне шалдығады.
Оған қоса, шұжық еті қатты өңделген өнімге жатады. Сол себепті шұжық өнімдеріне тұзды, түрлі майлы қоспаларды көп қосады. Ал бұл ішек флорасына теріс әсер етеді, – деді Михаил Гинзбург.
Оның айтуынша, шұжықтың еш пайдасы жоқ. Сондықтан тағам ретінде пайдаланбауды жөн санайды.
– Одан гөрі ақуызға бай ашытылған сүт өнімдері, балық немесе құс етін пайдаланған дұрыс. Алайда жастар шұжықтан бас тарта алмайды. Оларға аптасына 2-3 рет жеуге болады. Онда да бір тілім шұжықты қара нан немесе дәнді нанмен бутерброд ретінде жеген дұрыс. Арасына салат жапырағын қосып жіберсе, қатып кетеді, – деді ол.