Оңтүстікте өшкен жарық қайта жанды – KEGOC
Оңтүстікте өшкен жарық қайта жанды – KEGOC
Фото: smartik.ru
210
оқылды

Кеше Қазақстанның оңтүстік аймағы жарықсыз қалды. Жарықпен қамтамасыз етуге жауапты KEGOC компаниясы қазіргі уақытта электр желісінің қалыпты сызбасы толығымен қалпына келтірілгенін хабарлады.

Қырғызстан және Өзбекстанның энергия жүйесімен параллельді жұмыс жүргізілді. Сағат 15:50-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Алматы қаласы, Алматы, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстары тұрғындарын электрмен жабдықтауға шектеулер толығымен алынды. «Қазфосфат» және «ТМЗ» ЖШС-леріне ғана электр тогы берілген жоқ», – деді компания өкілі. KEGOC-тың мәліметінше, сағат 20:41-де Жамбыл облысын қоса алғанда оңтүстік аймақтағы барлық шектеулер алынды. Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Кеше оңтүстіктегі бірнеше облыс жарықсыз қалды.