Елордада ұсталған «ӨКМ Операторы» компаниясының басшысына қатысты тың дерек пайда болды
Елордада ұсталған «ӨКМ Операторы» компаниясының басшысына қатысты тың дерек пайда болды
Фото: 24.kz
270
оқылды
«ӨКМ Операторы» компаниясының басшысы Медет Құмарғалиевтің жұбайы және штаттан тыс қоғамдық қорғаушысы Әсем Instagram желісіндегі жеке парақшасында полицияның таратқан мәлімдемесіне пікір білдірді. 
– Бүгін барлық БАҚ-та күйеуімнің ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды, хабарламада оның елден кетуге тырысқандығы туралы да ақпарат бар. Мен өз кезегінде күйеуімнің елде қалғанын хабарлаймын. Берілген ақпарат шындыққа жанаспайды. Медет Құмарғалиев ешқашан Қазақстаннан кетуді ойламаған. Мен қоғамдық қорғаушы ретінде оның атынан шығып, әділдіктің салтанат құруы үшін күресетін боламын, – деді Әсем Құмарғалиева.

Бұған дейін "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның басқарушы директоры қайтыс болғанын жазған болатынбыз.