Украинада әскери қызметші әріптестерін атып тастады, 5 адам көз жұмды
Украинада әскери қызметші әріптестерін атып тастады, 5 адам көз жұмды
© telegraf.com.ua
252
оқылды
Украинада Ұлттық ұланның әскери қызметшісі күзетте тұрған әріптестеріне оқ атқан. 5 адам көз жұмды, тағы бес адам жарақаттанды, - деп хабарлады Украина ІІМ баспасөз қызметі. Оқиға Оңтүстік машина жасау зауыты аумағында қару беріп жатқан кезде болған.
"Украинаның Ұлттық ұланы әскери қызметшісі, мерзімді қызметтегі сарбазы  2001 жылғы Рябчук Артемий Юрьевич қару алып жатқан кезде белгісіз себептермен Калашников автоматынан Ұлттық ұланның күзетіндегі әскери қызметшілерге оқ жаудырды, содан соң қаруымен қашып кетті", – делінген хабарламада. "Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Әскери бөлімде қызметтік тергеу басталды. Әскери бөлім қолбасшылығының өкілдері тергеуді жүргізуге атсалысатын болады. Жарақаттанған әскери қызметшілерге  медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Қылмыстың себептері белгісіз.