Нұр-Сұлтанда ер адам тоғызыншы қабаттың терезесінен төсенішпен түспек болған ер адам құлап, қайтыс болды, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.
Оқиға 26 қаңтарда Құдайбердіұлы даңғылында болған.
"Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Оның 9-қабаттың балконынан төмен түсуге тырысқаны анықталды", – деді полиция қызметкері.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкері ер адам бір-біріне байланған жайма арқылы төмен түсуге тырысқанын растады.