Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезінде партияның ұйымдастырушылық құрылымын өзгертуді ұсынды.
"Партияның ұйымдастырушылық құрылымын өзгерту керек. Атап айтқанда, партия Төрағасы бірінші орынбасарының орнына Атқарушы хатшы лаузымын қарастыру керек. Сондай-ақ тиісті бағыттар бойынша басқа да хатшыларды сайлауды ұсынамын", – делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында таратқан мәлімдемеде.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланғанын хабарлаған болатынбыз.