Маңғыстау облысында мұнайшылар еңбек дауына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрап, видеоүндеу жолдады, – деп жазады Lada.kz.
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жұмысшылары қысқартуға қатысты мәселе шешімін тапса деген талабын айтып отыр.
Жұмысшылардың айтуынша, компанияда жаппай қысқарту жүргізіліп, жұмыссыз қалғандар көбейген.
«Бізді әуел баста мәжбүрлеп 5/50 бағдарламасы бойынша жұмыстан шығарды. Жұмысқа қайта қабылдауға уәде берген болатын. Амалымыз таусылған соң осы шартқа келісім бердік. Бірақ компания басшысы уәдесінде тұрмады», – дейді жұмысшылар.