Халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грантқа түсе алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгінгі Үкімет отырысында айтты.
"Дарынды балаларды қолдау өте маңызды. Президенттің тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грант алу мәселесі қарастырылып отыр", – деді министр.
Министр сонымен қатар олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына арнайы сыйақы берілетінін айтты.
Бұған дейін «Алтын белгіге» үміткер түлектерге қойылатын талаптар күшейтілетінін жазған болатынбыз.