ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бостандық аудандық сотының төрағасын қамауға алуды санкциялады.
Сот аталған судьяның сотқа дейінгі тергеуді объективті жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін екені туралы Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің дәлелін қолдады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Сот өкілі борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына рұқсат беру үшін азаматтан ірі көлемде пара алды деген күдікке іліккен.
Бұл қылмыс Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Ішкі қауіпсіздік және жемқорлықты ескерту бөлімімен бірлесіп жұмыс істеу барысында әшкереленді.