Қайырымды жандар көпбалалы екі отбасына үй алып берді
Қайырымды жандар көпбалалы екі отбасына үй алып берді
189
оқылды

Арыста көпбалалы екі отбасы баспаналы болды. Бастамаға «Қолғабыс» қайырымдылық қоры ұйытқы болды.

Баспана алған отбасының бірінде – 4 бала болса, екіншісінде 7 бала бар. Осыған дейін жалдамалы пәтер мен қараусыз қалған үйлерді паналап келген. Балалардың жәрдемақысымен күнелткен. Екі отбасыға «Қолғабыс» қайырымдылық қоры ұйытқы болып, үй салып берді. Екі тұрғын үйдің жалпы аумағы – 101 шаршы метр.

Қуанышқа кенелген отбасыларды Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова құттықтады. Қайырымды жандар мен «Қолғабыс» қорына алғыс айтты.