Алматыда 25 жастағы қыз өзін еркекпін деп таныстырып, азаматтарды алдаған
Алматыда 25 жастағы қыз өзін еркекпін деп таныстырып, азаматтарды алдаған
230
оқылды
Алматыда бойжеткен өзін еркекпін деп таныстырып, азаматтарды алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 25 жастағы Б. есімді азамат тұтқындалды.
– Тергеу барысында ерлер киімін киген бойжеткен өзін Асан деп таныстырып, азаматтардың сеніміне кіргені анықталды. Жоғары оқу орындарына түсуге грант алуға және қолжетімді баспананы рәсімдеуге көмектесуге уәде берген, сол үшін төлем алып отырған. Сыйақы мөлшері көрсетілген “қызметке” байланысты болды, орташа есеппен 90-нан 800 мың теңгеге дейін болған. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге 11 өтініш келіп түсті. Күдіктіге қатысты “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – дейді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Ақшаны алғаннан кейін күдікті жасырынған. Белгілі болғандай, бұған дейін ол заңға тартылмаған. Б.есімді азаматтың әрекетінен зардап шеккен азаматтар полицияға мына телефон нөмірлері бойынша хабарласа алады: 227-55-02; 8-702-448-63-37.