Кәсіпкерлер Ozon компаниясының қызметін пайдаланатын болды – Бақыт Сұлтанов  
Кәсіпкерлер Ozon компаниясының қызметін пайдаланатын болды – Бақыт Сұлтанов  
Фото: newgenapps.com
384
оқылды

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ozon ресейлік маркетплейсінің басқарушы директоры Сергей Беляковпен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz жазды.

Тараптар Қазақстанда Ozon компаниясының дамуын, сондай-ақ өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері – салық салу, электронды құжат айналымы және т. б. талқылады.
«Қазақстанда, бүкіл әлемдегі секілді, қазіргі таңда электронды коммерция мен маркетплейстер, оның ішінде халықаралық алаңдар белсенді түрде дамып жатыр. Қазақстандық өндірушілер үшін бұл ел ішінде де, халықаралық нарықтарда да сауда көлемі мен өткізу географиясын ұлғайтудың тамаша мүмкіндігі», – деді Бақыт Сұлтанов.
Қазақстандағы Ozon компаниясының қызметі екі негізгі бағытта дамитын болады: логистикалық инфрақұрылым құру және қазақстандық кәсіпкерлерді маркетплейс платформасына шығару. Былтыр желтоқсанда QazTrade АҚ мен Ozon арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ozon басқарушы директоры Сергей Беляков компания өзінің логистикалық құрылымын республикада дамытуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Ірі логистикалық нысанның ашылуы өңірден сатушылар санын орта есеппен 50%-ға арттыруға мүмкіндік береді – олар тауарды сату алаңына тезірек әрі арзан бағада жеткізе алады, сондай-ақ тіпті елдің ең шалғай аудандарындағы сатып алушылар да өз тапсырыстарын тезірек ала алады», – деді Сергей Беляков.