Атырау облысында шопан жоғалып кетті
Атырау облысында шопан жоғалып кетті
205
оқылды

Атырау облысында 66 жастағы шопан екі аптадан астам уақыт бойы байланысқа шықпаған, - деп хабарлайды «Мой город» порталы.

12 ақпан күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне ер адамның жоғалғаны туралы хабар келіп түскен.
«66 жастағы шопан 27 қаңтарда Сарықасқа учаскесінен Құлсары қаласына қарай шығып, күні бүгінге дейін оралмаған. Үлкен төбе, Сарықасқа және Бекжал учаскелерінде іздеу жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің үш қызметкері мен бір техникасы, аудандық ішкі істер бөлімінің төрт қызметкері және бір жергілікті тұрғын жұмылдырылып отыр.