Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде көз жұмған полицейдің өлер алдында жары мен досына жазған хаты жарияланды
Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде көз жұмған полицейдің өлер алдында жары мен досына жазған хаты жарияланды
© Ұлмекен Макашеваның жеке мұрағатынан
202
оқылды

Қаңтардағы тәртіпсіздік  кезінде қызметте қаза тапқан полиция аға сержанты Ален Асылхановтың жары мен досына жазған соңғы хаты жарияланды. Хатты марқұмның жары Ұлмекен Макашева instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Ален хатты 5 қаңтар күні жазыпты. Онда ол жағдайдың ушығып бара жатқанын, әйелін жақсы көретінін айтқан. Ұлмекеннің "мені қорқытпашы, ол жерден кет" деген сөзіне бұл оның қызметі екенін айтып, "кете алмаймын" деп жауап берген. Ал досына "ұлыма бас-көз болып жүрші, жақсы азамат болып өссін" деп жазыпты. Ұлмекеннің жарынан айырылғанына бір айдан асты. Қайғыдан қан жұтқан келіншек енді әр айдың 5-ін жек көріп өтетінін, өзінің жалғыз қалғанын жазып көпшіліктің көңілін босатты. "Алда арманымыз бен жоспарымыз көп еді" деп жазған. Ален Асылханов 1993 жылы 15 наурызда дүниеге келген. Отбасының жалғызы екен. 5 қаңтар күні бүлікшілердің қолынан қаза тапты.