Тоқаев қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдарын айтып береді
Тоқаев қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдарын айтып береді
410
оқылды
Ертең, 17 ақпан күні сағат 20:30-да «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-дағы парақшасында хабарлады. 
"Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді", - деп жазды ол.