Nur Otan-да жыл басынан бері 10 мың өтініш қабылданды
Nur Otan-да жыл басынан бері 10 мың өтініш қабылданды
305
оқылды

Жыл басынан бері Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 10 мыңнан астам азамат жүгінді. Депутаттар мен мемлекеттік органдардың басшылары 2 мыңға жуық қабылдау өткізді.

Талдау көрсеткендей, өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмысқа орналасу және басқа да мәселелермен байланысты. Nur Otan Мәселен, Қостанай облысының Алтынсарин ауданында партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне зейнеткер Балзада Шығамбаева үйіне газ құбырын жүргізуге рұқсат алу бойынша өтініш білдірді. Жалғыз өзі тұратын ол денсаулығына байланысты пешті өзі жаға алмайды. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өзіне көмек сұрап жүгінген зейнеткерге техникалық шарттарды орындаудан бас тартқан. Нұротандықтардың көмегінен кейін Балзада Шығамбаеваның үйіне газ қосылды.  width= Атырауда облыстық мәслихат депутаты Қанатбек Қасымғалиевтің қабылдауына Құрманғазы ауданының тұрғыны Хасан Ғалиев II топтағы мүгедектігі бар қызымен бірге тұратын зейнеткер Галиева Уакизаның үйіндегі жылу жүйесін жөндеу бойынша өтінішпен хабарласты. Халық қалаулысы олардың жағдайымен жеке танысты. Нәтижесінде бір ай ішінде ескі есіктер мен терезелер ауыстырылып, жылу жүйесі жаңартылды. Сонымен қатар, пәтердің едендерін жаңалап, жуынатын бөлме қосып берді. Nur Otan Шымкентте Әл-Фараби ауданының тұрғындары балалар спорт алаңын салып беруді сұрап партияға хабарласты. Кәсіпкер Серік Түлбасовтың демеушілік қолдауының нәтижесінде мәселе оң шешімін тапты. Бүгінде аудан аумағында заманауи спорт алаңдары ашылды. Оларда фитнеспен айналысатын, волейбол, баскетбол және мини-футболға арналған воркаут алаңдары бар. Құрылыс жұмыстарына шамамен 20 млн теңге жұмсалды.  width= Алматы облысы Алакөл аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қабанбай ауылының тұрғындары кейбір көшелерде шамдардың жоқтығына шағымданды. Нәтижесінде «Қабанбай» БПҰ-ның жеке кәсіпкері, партияның белсенді мүшесі Жұмабай Мұсағалиев өз қаражаты есебінен көше шамдарын орнатып берді.  width=  
Еске сала кетейік, тұрғындар өз сұрақтарымен «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
  1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін); 
  2. WhatsАpp: 8 700 800 4441
  3. E-mail: komek@nurotan.kz
Қабылдауға жазылу қабылдау өткізілетін күнге дейін кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын жүзеге асырылады. Сондай-ақ, партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында отбасы, әйелдер, және балалардың құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелелері бойынша «111 шұғыл қызметі» арнайы байланыс қызметі жұмыс істейді.