Президент ҰҚШҰ әскерін шақырғанына өкінбейтінін айтты
Президент ҰҚШҰ әскерін шақырғанына өкінбейтінін айтты
©ТАСС
373
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев QAZAQSTAN ұлттық телеарнасына берген сұхбатында ҰҚШҰ әскерін шақырғанына өкінбейтінін айтты. – Бұл бұрыс шешім емес. Керісінше дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Еш өкінбеймін. Өйткені, суық қаруды иемденген қарақшылар Алматыны қиратып, басқа қалаларға қауіп төндірді. ҰҚШҰ контингенті болмағанда, лаңкестер басқа да қалаларды басып алар еді. Қарулы шайқастар Талдықорғанда, Таразда, Шымкентте, Қызылордада болды. Елордада лаңкестердің дайындық жұмыстары байқалды, олар тіпті Ақордаға шабуыл жасауға дайын болды. Кейбір беделді сарапшылар айтуынша, лаңкестер Қазақстанның ең ірі екі қаласын басып алуды жоспарлаған. Бұл Сириядағы сценарийге ұқсас жоспар. Сол елде лаңкестер Дамаск пен Ракканы  басып алуға әрекеттенген еді. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскерлері біздің елде бірде-бір оқ атқан жоқ. Оны ашық айту керек. Олар тек негізгі стратегиялық нысандарды күзетіп тұрды. Осы кезде біздің күштік құрылымдар іске кірісіп, қарулы лаңкестерге тосқауыл қойды. Арамызда тек тығыз байланыс пен үйлесім болды, – деді Мемлекет басшысы.