Жаңа Қазақстан. Жемқорлықпен қалай күресеміз?
Жаңа Қазақстан. Жемқорлықпен қалай күресеміз?
538
оқылды
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін бірден-бір фактор. Жең ұшынан жалғасқан бұл қылмысқа тоқтам болмай елдің дамуы екіталай. Дамуды былай қойғанда, қолда барды ұстап қалудың өзі қиындық туғызады. Өйткені жемқорлықтың қоғам өмірінің кез келген саласына «әмірін» жүргізуі бұқараның билікке деген сеніміне сызат түсіреді. Ал халықтың сенімі жоғалған жерде мемлекеттік бағдарламаларға, түрлі реформаға күмәнмен қарайтындар көбейді. Оның нәтижесі қандай боларын «қаңтар оқиғасы» көрсетіп берді. Сонымен, қазір жемқорлықпен күресті тиімді жүргізудің жолдары қандай? Сарапшылардан сұрадық. Айдар Айдар ЕГЕУБАЕВ, Transparency Kazakstan қоғамдық қорының  қамқоршылар кеңесінің төрағасы: – Шынында, қазір Қа­зақ­­стан­да­ғы сыбайлас жем­қор­­лықпен күрес сала­сына ауқымды ре­фор­ма қа­жет. Ол «хи­­рургиялық ара­ласу­ды» қажет ететін «ауру» деңгейге жет­кен. Сыбайлас жемқор­лыққа қар­сы іс-қимыл агент­­тігінің бас­шы­сы да ведомствоның жем­қор­лық­тың алдын алуға қауқарсыз еке­нін мойындады. Демек, рефор­маның, өзгерістің қажеттілігі дау тудыр­майды. Түбегейлі өзгерісті сыбайлас жемқорлықпен күрестен бастаймыз десек, ең әуелі ашықтықты қамтамасыз етуді қолға алғанымыз жөн. Әрі ғылымның әлеуметтік-эко­номикалық шешімдер қабылдаудағы рөлін ны­ғайтуды құптаймын. Тех­нологиялық «төңкерістер» қысқа мерзімде дұрыс әрі нақты ше­шім қабылдауды қажет етеді. Бұл орайда бізге Ғылым ака­демиясы мен оның барлық 19 институтын қайта жандандыру қажеттілігі туындайды. Ал сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы өз­герістер енгізуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Пар­ламентке бағынышты етуден бастау керек деп білемін. Әрі са­лаға бұрын құқық қорғау органдарында жұ­мыс істе­меген, есе­сіне экономиканың нақты секторын­да көпжылдық тәжірибесі бар мамандарды көптеп тартқан жөн. Жемқорларды қатаң жазалау үшін соттарды өзге билік органдарына бағынышты етуге жол бермеуіміз қа­жет. Олардың әрбір әрекетін ашық жариялап отыру үшін журналистер батыл журналистік зерттеулерге барға­ны жөн. Сәй­кесінше, билік тарапы оларды құқықтық қор­ғаудың тетіктерін қарастырғаны дұрыс болады. Отбасы шетелде тұратын адамдарға жоғары лауа­зым­ды қызметтер тағайындауға тыйым салынғанын қаламаймын. Шынын айту керек, сыбайлас жемқорлықпен кү­рес­­те аза­мат­тық қоғам институтының рөліне де тиіс­ті деңгейде ден қоя алмай жүрміз. Осыдан 16 жыл бұ­рын Қазақстан Президенті жа­нын­да демо­кратия­ландыру мәселелері жөніндегі ұлттық ко­мис­­сия бол­ған. Қазір де Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі сияқты диа­лог алаңы бар. Бірақ онда айтылған ұсыныстарға құлақ аспай жатыр. Есесіне мемлекеттік қызметкерлер әлемдік рейтинг­терді жариялайтын халықаралық ұйым­дардың өкілдерімен ғана санасады. Онда да мә­селені шешуден бұрын халықаралық беделге ие болуды көздейтін көзқарас ба­сым. Transparency International ұйымының сыбайлас жем­қорлықты қабылдаудың соңғы индексі бойынша Қа­зақстан жемқорлық жайлаған Гамбия мен Шри-Лан­камен теңесіп, рейтингте 102-орынға дейін түсті. Алайда бұл ақпарат ешқайда жарияланбады. СерікСерік БЕЙСЕМБАЕВ, Paper Lab зерттеу орталығының жетекшісі, әлеуметтанушы: – Дамыған саяси институттар қалыптасқан мемлекет­терде жемқорлықтың деңгейі төмен бо­лады. Неліктен? Себебі оларда сыбайлас жемқор­лық тәуекелдерімен бірге тұтас мемлекеттік ор­гандар тәуелсіз азаматтық қоғамның ба­қылауында. Демек, бізге де жемқорлықпен күресте осы тәжіри­беге сүйене отырып, демократиялық саяси инсти­туттарды орнатып, олардың белсенділігін арттырған жөн. Ал дамыған саяси инсти­туттар дегеніміз не? Бұл – ең әуелі  ашық әрі бәсе­кеге қабілетті сайлау негізінде жасақталған Пар­ламент. Сөз бос­тан­­дығының үстемдік құрып, БАҚ-қа еркіндіктің берілуі. Ең бастысы, әділ жұмыс іс­тейтін сот жүйесі. Міне, осы ин­ституттардың әлеуеті толық пайдаланылмай, олар­дың тарапынан бақылауынан тыс қалған қоғамда жемқорлық тамырын тереңге жая­ды. Ал бізде құқық қорғау, жергілікті атқарушы орган­дарды да жемқорлық жайлаған. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда жемқорлық дертіне шал­дықпаған бірде-бір мем­ле­кеттік орган жоқ. Яғни, қазір көпшілік айтып жүрген саяси реформаның ең басты нәти­жесі елдегі жемқорлық деңгейінің төмендеуінен көрінеді. Олай болмаған жағ­дай­да жемқорлықпен күрестің басқа тәсілдері нәтиже бермейді. Әрине, сыбайлас жемқорлықпен күресуде азаматтық қоғам институттарының ық­палы зор. Бірақ бұл инсти­тут­тардың демократия­лық елдердегідей өздігінен қалып­тас­қаны дұрыс. Сон­да ғана олар мем­лекеттік инсти­тут­тар­ды қоғамдық бақы­лау­ға алып, ондағы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге кедергі келтіреді. Біздегідей азаматтық қоғам ұйымдарын мемлекет тарапынан қаржыландыру тәжірибесі керісінше бұл инсти­туттардың дербестігін жояды. Олардың өздерін қаржыландырып отырған мемлекеттік инсти­туттың былығын әшкерелеуге батылы жетпейтіні түсінікті.