Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына жаңа ректор келді
Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына жаңа ректор келді
Азамат Сатыбалды / Фото Instagram
704
оқылды
Белгілі актер Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында хабарлады. 
«Ресми түрде келісу рәсімдерінің барлығы тәмамдалған соң Азамат Сатыбалдының Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалғанын хабарлаймын. Отандық мәдениеттегі орны бөлек оқу ордасын басқаруда абырой мен сәттілік тілеймін», - деп жазды министр.
Бұған дейін Азамат Сатыбалды Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметін атқарып келді. Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.