Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қамауда отырғандардың арасында жарақат алғандардың санын айтты.
«Қамаудағы жараланғандар мен соққыға жығылғандардың көп екенін туралы мәліметтерге қатысты айтарым, бізге 8 қаңтардан кейін арыз-шағым толассыз келді. Олардың ішінде, жарақат алған 55 адам бар. 8 адамның сүйегі сынып, 213 адамның денесінде көгерген із бар. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деді ол.