ШҚО тұрғындары 185 миллион теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған
ШҚО тұрғындары 185 миллион теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған
199
оқылды
Шығыс Қазақстандағы автокөлік иелері 2021 жылы VIP-нөмірлерге 185 млн теңге жұмсаған. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылы Семейде 207, Өскеменде 175, ал 2021 жылы Семейде 298, облыс орталығында 411 нөмір сатып алыныпты.
"Азаматтарға арналған үкіметтің" таратқан мәліметтеріне сүйенсек, сәнді нөмірлерді сатып алу бойынша ШҚО 7 орында екен. «VIP-нөмірлерге ең көп қаражат жұмсаған – алматылықтар, өткен жылы 2,2 млрд теңге сомасына 6 882 нөмір сатылыпты. Екінші орында Шымкенттің автоәуесқойлары – 818 млн теңгеге 3 190 нөмір және Нұр-Сұлтан қаласы 667 млн теңгеге 2 231 нөмір алып, үштікті түйіндеп тұр. VIP нөмірлерге ең аз сұраныс – Солтүстік Қазақстан облысында. Бұл өңірде өткен жылы 45 млн теңгеге жоғары сұраныстағы 169 нөмір ғана сатып алыныпты. Айта кету керек, VIP нөмірлердің құны нөмірлер мен әріптердің комбинациясына байланысты 174 мыңнан 872 мың теңгеге дейін барады», – дейді "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Зәруетқызы.