«Болашақ» қоры балалар үшін қазақ тілінде сапалы контентті қалай жасайды?
«Болашақ» қоры балалар үшін қазақ тілінде сапалы контентті қалай жасайды?
613
оқылды

23 ақпанда елордада «Болашақ» корпоративтік қоры «Ерекше балалар. Мінез-құлықты қолданбалы талдауға (АВА) кіріспе: проблемалы мінез-құлықты түзету қағидалары мен аутизм спектріндегі бұзылыстар және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларды үйрету стратегиялары» кітабының тұсаукесерін өткізді.

Бұл – «Особые дети. Введение в прикладной анализ поведения (АВА): принципы коррекции проблемного поведения и стратегии обучения детей с расстройствами аутистического спектра и другими особенностями развития» кітабының қазақ тіліне аудармасы. Кітапты «Болашақ» қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте аударған және басып шығарған. «Болашақ» корпоративтік қоры барлығы жақсы көретін Disney-дің мультфильмдеріне қазақ тілінде жоғары дәрежелі дубляж жасау арқасында көпшілікке танымал. Алайда фильмдерді дубляждау Қор жобаларының бірі ғана екенін шамалы адам біледі. Аутизм және басқа да менталдық бұзушылықтары бар балаларға инклюзивті білім беруді дамыту тағы бір аса маңызды бағыт болып табылады. Бір қарағаннан осы екі бағыт екі түрлі дегенмен, оларды бір нәрсе біріктіреді – қазақ тілінде сапалы контент жасау арқылы балаларға қамқорлық жасау. Біріншісі балалардың шетелдік болсын, бірақ жас көрермендер сүйікті кейіпкерлері қазақша сөйлеп тұрғанына сенетіндей техникалық тұрғыдан соншалықты кәсіби түрде орындалған ана тіліндегі жоғары сапалы контентке құқықтарын қорғаса, екіншісі ерекше білім беруге қажеттілігі бар әрбір баланың сапалы білім алуға, сәтті әлеуметтенуге, ал болашақта ол дами алатын, жұмыс істей алатын және қоғамға пайдасын тигізе алатын толыққанды өмір сүруіне құқығын қорғайды. Өкінішке орай Қазақстанда көптеген салаларда қазақ тіліндегі сапалы контенттің жетіспеушілігі байқалады. Бұл мәселе инклюзивті білім беру саласында да бар. 2015 жылдан бастап «Болашақ» қоры инклюзивті білім беруді дамыту бойынша «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасын жүзеге асырып келеді. Оның аясында Қор бүкіл Қазақстан бойынша балабақшалар мен мектептерде 46 инклюзияны қолдау кабинетін ашты, аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктер бар 600-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды. Сөйлемеген балалардың 90%-ы сөйлеуді үйренді, 21 бала өз бетінше оқуға шықты, ал 50 бала әртүрлі жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегері болды. Ерекше балалар ата-аналарының жобаға деген сенімі артып келеді. Бала мектепке барсын деп адамдар аудандардан орталықтарға, бір қаладан екінші қалаға, тіпті басқа елдерден көшіп келіп жатады. Жобадағы балалардың шамамен 35%-ы қазақ тілінде оқиды. Жыл сайын қазақ тілді білікті педагогикалық кадрларға деген қажеттілік артып келеді. Алайда Қазақстанда аутизм бар балаларды оқытуға арналған қазақ тілінде бірде-бір кітап, бірде-бір әдістемелік құрал болған жоқ. Сондықтан қор «Особые дети. Введение в прикладной анализ поведения (АВА): принципы коррекции проблемного поведения и стратегии обучения детей с расстройствами аутистического спектра и другими особенностями развития» кітабын қазақ тіліне аударып, басып шығарды. Кезінде бұл кітап мінез-құлықты қолданбалы талдаудың негізгі қағидаларын егжей-тегжейлі баяндайтын орыс тіліндегі алғашқы оқу құралы болды. Бұл принциптер проблемалы мінез-құлықты түзетуде және әлеуметтік қолайлы мінез-құлықты қалыптастыруда қолданылады. Кітап педагогтерге, дефектологтарға, логопедтерге және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын ата-аналарға пайдалы болады. Кітаптың авторлары Юлия Эрц және Ольга Мелешкевич – сертификатталған мінез-құлық талдаушылары, мінез-құлықты қолданбалы талдаудың кеңесшілері, мінез-құлықты қолданбалы талдау әдістері мен стратегияларын қолдану саласындағы оқытушылар. Олар АҚШ, Израиль, Ресей, Украина, Грузия, Қазақстан және басқа елдердегі мінез-құлық мамандарының тәжірибесіне жетекшілік етеді. «Шеврон» компаниясы кітапты аударуға ғана емес, кітаптың 3000 данасын тегін таратуға демеушілік етті. Кітаптың осы таралымы ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтерге, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мамандарына тегін беріледі. Сонымен қатар кітаптың даналары жоғары оқу орындарының арнайы педагогика және психология кафедраларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханаларына тарту болады. 2019 жылы «Шеврон» Нұр-Сұлтан қаласындағы №88 мектеп-лицейіндегі инклюзияны қолдау кабинетін ашуға демеуші болғанын атап өтеміз.
«Осындай кітаптарды аудару арқылы біз қазақ тілді мамандарға әлемдік ғылыми қоғамдастық мойындаған, бұл ретте түзету педагогикасының озық әдістерге қол жеткізуге мүмкіндік береміз. Демек, Қазақстанда ерекше балалармен жұмыс істеудің тиімділігін арттыру үшін анағұрлым көп жағдай жасаймыз. Кітаппен жұмыс жасау аясында мінез-құлықты қолданбалы талдаудың кейбір төл терминдері ағылшын және орыс тілдерінен алғаш рет қазақ тіліне аударылды. Әрине, қымбатты демеушіміз Шеврон компаниясы болмаса, кітаптың аудармасы да болмас еді. Шеврон компаниясы кітапты аударуға демеушілік жасады. Осындай айтулы іске қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысымызды  білдіреміз. Бүгінгі күні біз инклюзия саласындағы қазақ тіліндегі сапалы әдебиет пайда болуының негізін қалап отырмыз. Қор бұл бағыттағы жұмысын жалғастырады. Қазіргі уақытта біз ерекше қажеттіліктері бар баланың дағдыларын бағалауға арналған ABLLS-R құралын ағылшын тілінен қазақ тіліне аударумен айналысып жатырмыз», – деп атап өтті «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.
   width= Іс-шараға «Шеврон» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Кошпанова, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова, сондай-ақ өңірлерден мамандар мен ата-аналар қатысты. Кітаптың авторлары Юлия Эрц пен Юлия Мелешкевич жиналғандарға бейне үндеу жолдап, кітаптың құндылығы мен қазақ тіліне аударылуының маңыздылығына тоқталды. «Әділ, қолжетімді және сапалы білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету жаһандық қағидаттарын және инклюзивті құндылықтарды қолдауға ұмтылатын Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді. Сондықтан «Шеврон» компаниясы инклюзияны дамыту қызметі арқасында танымал болған «Болашақ» қорымен серіктесе отырып, мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша құралды қазақ тіліне аударуға қолдау көрсетуге шешім қабылдады. Бұл әдістемелік құрал инклюзивті білім беру принциптерін ілгерілетуге және дамуында ерекшеліктері бар балалар үшін тең мүмкіндіктер қоғамын құруға елеулі үлес қосады деп сенеміз», – деп бөлісті Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Қошпанова. Кітаптың тұсаукесері шегінде қор мамандары Қазақстанның өңірлерінен келген мамандар мен ерекше балалардың ата-аналары үшін мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша бір топ семинарлар өткізді. Айта кетейік, ҚР БҒМ ресми деректері бойынша Қазақстанда ерекше білім беру қажеттілігі бар 175 082 бала тұрады, оның 8 796-да аутизм бар. Жалпы, бейресми деректер бойынша Қазақстанда аутизм бар 30 мыңнан астам бала бар. «Болашақ» корпоративтік қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру моделін әзірлеуге және Қазақстанның жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда енгізуге бағытталған. Қор 2015 жылдан бері Қазақстанның 17 аймағында 46 инклюзияны қолдау кабинетін ашты. 3500-ден астам маман инклюзивті білім беру және мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша оқудан өтті, 420 жұмыс орны құрылды, 58 кабинет бүкіл Қазақстан бойынша істейтін қор мамандарының курациясымен жұмыс істейді. ҚР БҒМ мақұлдаған мінез-құлықты қолданбалы талдау негіздері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курсы әзірленді және іске қосылды. Қор ЕББҚ бар балаларды алаламау және сапалы білім алу бөлігінде ҚР қолданыстағы заңнамасына 80-нен астам өзгерістер енгізді. «Болашақ» қоры мамандарды оқытуға, инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін қазақстандық педагогтердің білім деңгейі мен құзыреттілігін арттыруға көп көңіл бөледі. Қор кадрларды оқыту жүйесін ең басынан құрды, оның өзіндік мамандар иерархиясы бар – педагог-ассистент, мұғалім, куратор, супервайзер. Жыл сайын қор АВА терапиясы бойынша халықаралық сертификаттау курстарында ондаған педагогтердің оқуына ақы төлейді, ал қордың мінез-құлық талдаушылары бүкіл Қазақстан бойынша жүздеген мұғалімдер мен ассистент-педагогтерді оқытады. Бір жыл бұрын қор ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсын әзірлеп, іске қосты. «Мінез-құлықты қолданбалы талдау (ABA-терапия) әдістерін пайдалана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» курсы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сараптамалық комиссиясының шешімімен бекітіліп, министрліктің біліктілікті арттыру курстары тізіміне енгізілді. Курста мінез-құлықтық тәсілді және құралдарды пайдалануды, дағдыларды, вербалдық дағдыларды бағалау, ЕББҚ бар балалардың жағымсыз мінез-құлқын түзету құралдарын қолдануды үйретеді. Қазірдің өзінде әртүрлі аймақтардан 1300-ден астам маман педагог-ассистенттер, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік қызметкерлер, АВА-терапистері, ерекше балалардың ата-аналары онлайн курстың тыңдаушылары болды. Келесі курс ағыны 2022 жылдың наурыз айында басталады. Курстың дәріс оқушылары – «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасының кураторлары. Олар – әлемдік деңгейдегі сертификат алған Қазақстандағы алғашқы мінез-құлық талдаушыларының бірі, мінез-құлық талдаушыларының халықаралық сертификаттарының иегерлері. Өткен жылы курс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сараптамасынан сәтті өтіп, министрліктің біліктілік арттыру курстарының тізіміне қосылды.

«Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы Қысқы қайырымдылық балынан түскен қайырымдылық қаражат және демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады. Жоба серіктестері – «Nur Otan» партиясы, жергілікті атқарушы органдар.