«Спортшы жарақат алса, емделуге ақша бөлінбейді» – Ұлттық Олимпиада комитеті Абзал Әжіғалиевке жауап берді
«Спортшы жарақат алса, емделуге ақша бөлінбейді» – Ұлттық Олимпиада комитеті Абзал Әжіғалиевке жауап берді
Фото: olympic.kz
282
оқылды

Бейжің Олимпиадасында жоғары көрсеткішке қол жеткізген спортшы Абзал Әжіғалиев көтерген мәселеге қатысты комитет өкілі жауап берді, – деп жазады 24.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатовтың айтуынша, спортшыларға жағдай жасауда проблема көп.
«Шынында да, қолданыстағы нормативтік акті бойынша жарақат алғаннан кейін емдеуге ақша бөлінбейді. Өкінішке қарай, солай. Бірақ федерация, демеушілер бар. Біз кейбір спортшыларға көмек көрсетеміз. Бірақ осы мәселені дұрыстап қарау керек. Бұл – біздің қателік. Спортшы жарақат алса, көмек көрсетілуі керек. Федерация, Ұлттық Олимпиада комитеті, министрлік жанында спорттық медицинаға жауапты мекеме бірігіп, осы мәселені шешуі керек. Абзалдың айтқаны рас, проблема шынында да бар, – деді Елсияр Қанағатов.

Бұған дейін Абзал Әжіғалиев спортшыларымыз Олимпиадаға дейін қандай кедергілерге кездесетінін айтқан еді.