Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде оқырмандарына кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі өткен шақпен өмір сүрмеуге және кешірімді болуға шақырды. Оның айтуынша, адам өзінің қадірі жоқ жерде жүрмеуге тиіс.
«Мына нәрсені өмір бойы есіңде сақта: ешқашан өткенге оралушы болма. Сізді ренжіткен адамдар болса, кешіріңіз. Ол да Алланың сізге жіберген сыйы. Сіздің жүрегіңізді, жаныңызды тазалау үшін сондай адамдар жібереді. Мүмкін, ол жақын адамыңыз болған шығар. Бірақ уақыт келсе, екі жаққа кетеді. Жай ғана жібере салыңыз. Сізді қадірлемейтін жерден кетіңіз. Ол жерде жүрудің қажеті жоқ. Сіз әдемісіз, сұлусыз, мейірімдісіз. Сіз бұл әлемге керексіз», - дейді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
