Отандық ғалымдар жаңа препарат ойлап тапты
Отандық ғалымдар жаңа препарат ойлап тапты
745
оқылды
Алматыдағы Қ. Сәтбаев университетінің ғалымдары дәнді-дақылдар мен тамыржемісті дақылдардың өнімділігін арттыратын жаңа препараттар әзірледі. Аталған оқу орнының лабароториясында ауыл шаруашылық өнімдерінің өнімділігін арттыратын, құрамында металлы бар иондық сұйықтықтар негізінде өсімдік өсуіне ықпал ететін стимуляторлар жасап шығарылды. Жаңа препараттар өндіріске енгізілген кезде Қазақстанның агрохимиялық препараттар импортына тәуелділігін азайтады. Сондай-ақ өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырады. Сәтбаев университетінің бір топ ғалымдары өсімдіктердің өсу стимуляторлары мен адаптогендерін стресске қарсы заттарды алу үшін, құрамында металы бар иондық сұйықтықтардың қасиеттерін зерттеуге бағытталған жобаны жүзеге асырды. Нәтижесінде өсімдіктердің биохимиялық процестеріне ең жақсы әсер ететін кандидаттық заттар анықталды. «Бұл күнде топырақ құнарлығын қалпына келтіру және ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану – Қазақстандағы ең өзекті мәселелердің бірі. Біздің жоба еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және өсімдік шаруашылығының тиімділігін қоршаған ортаға зиян келтірмей-ақ арттыруға бағытталған бірден-бір ғылыми жаңалық», – деп түсіндірді PhD докторы, Сәтбаев университеті Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының доценті, PhD докторы Хадичахан Рафикова. Жаңалық авторларының айтуынша, бұл жобаның қолданыстағы өзге препараттардан айырмашылығы иондық сұйықтықтарды синтездеу үшін бастапқы материалдар ретінде биологиялық белсенділігі және төмен экоуыттылығы бар имидазолды емес типті қосылыстарды пайдалану және олардың негізінде өсуге септігін тигізетін, бактерияға қарсы, фунгицидтік немесе адаптогендік қасиеттері және құрамында металлы бар иондық қосылыстарды пайдаланылғандығы болып табылады. Сондай-ақ, жаңа препарат иондық сұйықтықтардың ұшпайтын, жанбайтындығымен қатар уыттылығының төмендігі сияқты қасиеттерін өнімділікті арттыруға септігін тигізетін заттар ретінде пайдалану өсімдік шаруашылығындағы «жасыл технологиялардың» құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.