Путин Украинаға қатысты мәлімдеме жасады
Путин Украинаға қатысты мәлімдеме жасады
© РИА Новости / Сергей Гунеев
371
оқылды
РФ президенті Владимир Путин Еуропалық кеңестің төрағасы Шарль Мишелмен телефон арқылы сөйлесіп, ЕО-ны Киев билігін гуманитарлық құқықты құрметтеуді міндеттеуге шақырды, - деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.  
Сонымен президент Ресейдің Донбасс республикаларын қорғау бойынша арнайы әскери операцияларға қатысты ұстанымын баяндады, бұдан басқа гуманитарлық мәселелер талқыланды.
Путиннің айтуынша, ресейлік әскери қызметшілер бейбіт азаматтардың өмірін сақтау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдап жатыр. Басты қауіп бейбіт халықтың кейпіндегі террористерге ұқсайтын ұлтшыл құрылымдардан төніп тұр.
"Ресей қарулы күштері гуманитарлық дәліздер арқылы халықты оқшаулау үшін бірнеше рет тыныштық режимін жариялады. Украиндық ұлттық батальондар бұл іске кедергі келтіріп, бейбіт тұрғындарға зорлық-зомбылық көрсетіп, арандатып жатыр. Ресей президенті Еурокеңесті адамдарды құтқару ісіне үлес қосуға, Киев билігіне қысым көрсетіп, гуманитарлық құқықты құрметтеуді міндеттеуге шақырды", — делінген Кремль хабарламасында.

Бұған дейін Ресей Украинада тыныштық режимін жариялағанын жазған болатынбыз.