Петропавлда өрттен 5 адам көз жұмды
Петропавлда өрттен 5 адам көз жұмды
183
оқылды

Петропавлда Береке шағын ауданында болған өрттен 5 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 наурызда сағат 01:07-де СҚО төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ 101 телефонына Мәскеу өткеліндегі 4 пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған өрт сөндіруішілер №3 пәтер жанып жатқанын анықтаған. Үйдің шатыры өртке оранып, қою түтін басқан. Өрт шыққаны туралы хабарлама құзырлы органдарға кеш берілген.  />

Өрт сөндірушілер дереу өрт сөндіруге кіріскен.
<blockquote> Өрт сөндіру кезінде Петропавл қаласы 4 өрт сөндіру бөлімінің 30 өрт сөндірушісі мен 6 техникасы жұмылдырылған. Өрт аумағы 60 шаршы метр болған.  /><em><strong>ТЖМ баспасөз қызметі ұсынған суреттер</strong></em>

Өрттің шығуына ішімдік ішіп, төсекте темекі тарту себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр. 2022 жылы 1 ақпанда №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үйлерді аралау жұмыстары барысында өрттен қайтыс болған 1960 жылы туған ер адамға өрт қауіпсіздік ережелері жазылған жаднама бергені белгілі болды. Қаза тапқандар халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жатпаған, ішімдік ішетін адамдар ретінде есепте де тұрмаған.

Куәгерлердің айтуынша, өрт шығар алдында қайтыс болғандар спирттік ішімдік ішкен.

            <small></small>
    
    <div class=