Сейсенбіде елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды синоптиктер.
Ақмола облысының батысында, шығысында бұрқасын мен жел күшейеді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады.
Алматы облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады. Түнде облыстың шығысында жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман, найзағай. Жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.
Солтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ. Облыстың таулы аймақтарында жел күші секундына 15-20 метр болады.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында бұрқасын.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ.
Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.