Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласы полициясы, ҰҚК Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерімен бірлесіп, аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа күдікті адамдар тобын ұстады.
Өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері деп таныстырып, жоғары лауазымды адамдар атын жамылған теріс пиғылдылар кәсіпкерге 1,5 млн АҚШ доллары сомасы үшін оны мемлекеттік құрылымдардың біріне басшылық лауазымға тағайындау мәселесін шешіп беруді ұсынған.
Олар жалға алынған «премиум-класс» автомашиналарын пайдаланған және жалданған күзеттің ілесіп жүруімен астананың элиталық орындарында кездесулер өткізген.
"2022 жылғы 4 наурызда Нұр-Сұлтан қ. 30 млн теңге мөлшерінде ақшалай қаражаттың бір бөлігін беру кезінде топтың үш қатысушысы және Ақтөбе мен Балқаш қалаларында тағы екеуі ұсталды", – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бұған дейін ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген 11 бизнес санаттағы көлік пен оның зәулім сарайын көрсеткен болатынбыз.