ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі утилизациялық төлемді есептеу әдістемесіне өзгерістер әзірледі. Құжат 31 наурызға дейін Ашық НҚА сайтында қоғамдық талқылау үшін жарияланды.
Автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауылшаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемінің базалық ставкасы және коэффициенттері әзірленді.
Мынандай санаттар үшін базалық мөлшерлемені 50 АЕК (153 150 теңге) көлемінде бекіту ұсынылады:
[caption id="attachment_188053" align="alignnone" width="1200"] kolesa.kz сайтынан[/caption] Сондай-ақ автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган берген жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігі болған кезде көлік компаниялары импорттайтын халықаралық тасымалдар үшін пайдаланылатын ершікті тартқыштарға қатысты 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін 0 коэффициенті қолданылатыны атап өтілді.
- М1 санатының, оның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары, сондай-ақ квадроциклдерді, қарсоқпақтарын, қар жүргіштерді, мотовездеходкаларды және трициклдерді қоспағанда, СЭҚТН 8703 кодтары тобына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары;
- N1, N2, N3 санатындағы, оның ішінде G санатындағы жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары, сондай-ақ СЭҚТН 8701 20 101, 8701 20 901, 8704 және 8705 кодтарының топтарына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары («X» санатындағы коммуналдық-жинау машиналарын қоспағанда);
- М2, М3 санатындағы, оның ішінде G санатындағы жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары, сондай-ақ СЭҚТН 8702 кодтары тобына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары;
- тракторлар;
- астық жинайтын комбайндар, жем шөп жинайтын комбайн.