Жалған диплом жарға жығады
Жалған диплом жарға жығады
387
оқылды
Ақмола облысының Целиноград ауданында үш бапкердің жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Нұр-Сұлтан қаласының 1980, 1983 және 1995 жылғы тұрғындары шамамен екі жыл бойы жалған дипломмен балаларды жаттықтырып келген. Жоғары білім туралы құжаттарында олардың Қазақ спорт және туризм академия­сын бітіргені көрсетілген. Алайда аталмыш оқу орнына сұрау салу кезінде бұл азаматтар онда оқымағаны анықталды. Жалған дипломдарын 2003, 2009 және 2018 жылдары алған. Қазір осы 3 жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі «көрінеу жалған құжатты пайдалану» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Жалған дип­ломдар заттай дәлелдемелер ретінде алынды, тергеу жалғасып жатыр.