Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі «Қайрат» футбол клубы ресми мәлімдеме жасады.
«Қайрат» футбол клубы өзінің ұсталған қожайынына қатысты пікір білдірген жоқ, керісінше ештеңе болмағандай кейіп танытып, көрермендерді келесі матчқа шақырды.
Алматылық команда өкілдері клубтағы жұмыс штаттық режимде жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Академия жаңа маусымға дайындықты жалғастыруда, ал негізгі құрам 17 наурыз, бейсенбі күні Орталық стадионда сағат 17:00-де өтетін «Тараз» ФК матчына дайындықты жалғастыруда. Барлығыңызды күтеміз!», – делінген хабарламада.