БАҚ туралы заңға «әлеуметтік пакет» енгізу қажет – Нұртөре Жүсіп
БАҚ туралы заңға «әлеуметтік пакет» енгізу қажет – Нұртөре Жүсіп
©egemen.kz

Сенатор Нұртөре Жүсіп Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға «әлеуметтік пакет» мәселесін енгізу керек. Журналистерге осы көмек болады дейді.

Оның айтуынша, журналистердің еңбегі бағаланып, БАҚ қызметкерлерінің қаламақысы, материалдық жағдайы және әлеуметтік мәртебесі айқындалуы керек. –  Яғни, БАҚ қызметкерлерінің еңбегі лайықты түрде бағалануы керек. Бұл мемлекет үшін соншалықты ауыр нәрсе емес. БАҚ туралы заңға міндетті түрде әлеуметтік пакетті енгізу керек. Бұл журналистердің жұмыс жағдайына, қызмет жағдайына, кәсіби міндеттерін атқару мәселесі, денсаулығына қатысты әлеуметтік пакеттер заңмен енгізілсе, сонда біздің Қазақстан журналистерінің тынысы ашылады. Жаңа Қазақстанды құруға жігерлене кіріседі деп сенемін, – дейді сенатор.