Түркістан облысы Мақтааралды су басты
Түркістан облысы Мақтааралды су басты
©24.kz
325
оқылды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 3000-ға жуық үйдің ауласын су басты. Мақтаарал ауданында толассыз жауып жатқан жаңбырдың салдарымен күрес әлі тоқтаған жоқ. Қазір өңірде барлығы 214 мотопомпа қолданылуда.

«Тұрғын үйлердің ауласын су басу жағдайы көбейе түскен. Барлық тұрғын үйге  көмек көрсету мүмкін емес. Ең бірінші кезекте аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты аналары бар отбасыларға көмек көрсетеміз. Осыған байланысты барлық аудан тұрғындары, кәсіпкерлерді, ерікті азаматтарды орын алған жағдаймен бірігіп күресуге шақырамын», - дейді аудан әкімі Бақыт Асанов. Жалпы ауданда 3 мыңға жуық үйдің ауласын су басу жағдайы тіркелген. Бүгінге дейін жергілікті әкімдіктердің және облыстық, аудандық төтенше жағдай қызметкерлерінің тәулік бойы атқарған жұмыстарының нәтижесінде 15501 куб жаңбыр суы тартылды.