«Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы талап етілмеген ұтыстарды жоспарлы түрде төлеуді бастады.
Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі заңында жеңімпазы анықталған, бірақ ұтыс иесінің жүлдені алуға келмеген жағдайының құқықтық негіздері қарастырылған. Атап айтқанда, аталған заңның 3-тарауы, 11-бабы, 7-тармағына сай лотереяны өткізу шарттарында белгіленген мерзімде талап етілмеген ұтыстарды лотерея операторы тиісті тираждың (жүлде қорының ұтыс ойыны) нәтижелері жарияланған сәттен бастап үш жыл бойы сақтайды. Содан кейін олар салық емес төлем түрінде бюджет кірісіне есептеледі.
Осыған байланысты «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы талап етілмеген ұтыстардың төлеу фактілері туралы мәлімдейді. Бүгінге дейін 73 миллион 684 мың 692 теңге көлеміндегі сома мемлекеттік бюджет кірісіне жіберілді. Талап етілмеген ірі ұтыстардың дені 8 миллион теңгеге дейінгі ірі соманы құрайды. Ұтыс иесі өз жүлдесін 6 ай өткеннен кейін жүгінбесе, ол талап етілмеген санатқа өтеді. Негізінен, «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы бірінші кезекте ұтыстардың жеңімпазға жетуіне мүдделі. Сондықтан ұлттық лотерея қатысушыға ұтыс туралы сүйінші сұрау үшін хабарлаудың барлық тетігін пайдаланады.
Өткен жылы «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының арқасында елімізде жаңа 112 миллионер пайда болды. Сондай-ақ 6 адам жаңа көлікке және 4 адам пәтерге ие болды. Ұлттық лотореяның қорытындысында жеңімпаздарға 6 миллиард теңге ұтыс төленді.
Жалпы, компания әлеуметтік жауапкершілікке көп көңіл бөледі. Тек 2021 жылдың өзінде «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы «Халық» қайырымдылық қорының акциясына екі рет қатысып, көпбалалы және басқа да мұқтаж отбасыларға жалпы сомасы 52 миллион теңгеге 2 000 дана азық-түлік жиынтығы таратылды. Зейнеткерлер үшін жалпы сомасы 1 миллион теңгеге 100 сертификат берілді. 2021 жылы қазақстандық спортты дамытуға 2 миллиардқа жуық теңге жұмсалды. Бұл бағытта қарастырылған қаражаттың жалпы көлемі 4 миллиард теңгеге жуықтайды.