Атырауда 120 қытайлық ұсталды
Атырауда 120 қытайлық ұсталды
© egemen.kz
339
оқылды
Атырауда мерзімі өткен визалық құжаттармен жүрген 120 қытайлық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерді анықтады. Мәселен, Өзбекстан Республикасының 30 азаматы құрылыс алаңында арнайы рұқсат құжаттарынсыз қызмет етіп жүрген. Қазіргі уақытта олар қабылдау-тарату орнына қамалды. Жеке бастары анықталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Бұдан басқа, аталған жедел іс-шара барысында полиция қызметкерлері қала аумағындағы Қытай компанияларының бірінің филиалында мерзімі өткен визалық құжаттармен жүрген Қытай Республикасының 120 азаматын анықтады. Қазіргі уақытта әкімшілік іс-құжаттары сот органдарына жолданды. https://www.youtube.com/watch?v=QSxFthxM8IM